Бүгін – Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні

25.07.2024

Елімізде «Балаларды суда қорғаңыздар» республикалық акциясы басталды. Шара бүгінгі дүниежүзілік суға батудың алдын алу күніне орай ұйымдастырылып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері акция бір аптаға жалғасатынын айтады. Биыл шомылу маусымы басталғалы еліміздің су айдындарында қауіпсіздік шаралары ұдайы назарда.

Алдағы уақытта демалушыларға түсіндіру жұмыстары күшейтілмек. Құтқарушылар жаз басталғалы 160 адамды, оның ішінде 44 баланы ажалдан аман алып қалған. Алайда, 93 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кеткен.


Хабарламаларға жазылу