Атырауда мұнай өңдеу зауытының басшысына қатысты тергеу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мұнай өңдеу зауытының басшысына қатысты тергеу аяқталды

25.07.2024

Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады. Ол қызметін асыра пайдаланды деп айыпталды. Досмұратов жалпы сомасы 1 млрд 900 миллион теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу үшін негізсіз шарт жасасқан деген күдікке ілінді. Қазір ол үйқамақта. 

Хабарламаларға жазылу