Елордаға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде 100 мыңнан астам турист келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордаға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде 100 мыңнан астам турист келеді

25.07.2024

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді. Бұл ұйымдастырушылардың болжамы. Түркі әлемі көз тіккен дүбірлі додаға бір айдан астам уақыт қалды. Қонақтарға спорттық шаралардан бөлек, мәдени бағдарламалар әзірленіп жатыр.

Мәселен "Қазанат" ипподромында этноауыл ашылады. Онда қазақ халқының және көшпенділер ойынына қатысушы елдердің төл мәдениеті, салт-дәстүрі көрсетіледі. Этноауыл күніне 30 мың қонақты қабылдай алады. Сондай-ақ, ашық аспан астында көшпенділер өркениетінің мұражайы, қолөнершілер қаласы мен ұлттық тағамдар фестивалі ұйымдастырымақ.

Абылай Қондыбай, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу және дайындау дирекциясы басшысының орынбасары:

Ойындардың ауқымын тек қана Астана қаласында емес, бүкіл өңірлерімізге қатысты болу үшін «Бірлік Керуені» деген жобаны ойлап тапқан болатынбыз. Бұл жоба бойынша әрбір өңір Этноауылға өздерінің шығармашылық ұжымын жібереді. Өзінің өңірінің жетістіктерін, туризмдік потенциалдарын және салт-дәстүрлерін көрсететін мүмкіндіктері болады.Этноауылымызда төл өнерімізден бөлек, басқа да мемлекеттердің өз өнерін көрсетуге мүмкіндіктері бар.


Хабарламаларға жазылу