АҚШ вице-президенті Камала Харрис пен республикалық кандидат Дональд Трамп арасындағы теледебат 10-шы қыркүйекте ABC News телекомпаниясының эфирінде өтеді. Мұны Politico басылымы хабарлап отыр. Алайда Трампқа бұл арна ұнап отырған жоқ секілді. Себебі экс-президент каналды Байден мен Харриске жақтас деп есептейді.