Сауалнама: Қазір америкалықтардың 44 пайызы Харристі қолдап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауалнама: Қазір америкалықтардың 44 пайызы Харристі қолдап отыр

24.07.2024

Енді жаһан жаңалықтары. АҚШ вице-президенті Камала Харрис Висконсин штатына барып, алғашқы сайлауалды митингін өткізді. 3 мың адам жиналған жиынды ол Дональд Трампқа шабуыл жасаудан бастады. Және де Харрис Америка Құрама Штаттарында қарашаның 5-де өтетін президенттік сайлауды бұрынғы прокурор мен сотталған қылмыскер арасындағы бәсеке деп сипаттады. Соңғы сауалнама қорытындысына қарағанда, қазір америкалықтардың 44 пайызы Харристі қолдап отыр. Ал Трампты жақтаушылар – 42 пайыз.

Айта кетсек партияластары арасында Харрис президенттікке үміткерлікке қолдауға артығымен ие болды. Енді сол кандидатураны демократтардың съезінде ресми түрде бекіту ғана қалды. Ол конвенция тамыздың 19-22-сі аралығында Чикагода өтуі керек.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу