Бюджеттің 30 млрд теңгеге жуық қаражаты тиімсіз жұмсала жаздады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі мемлекеттік сатып алу кезінде мердігерлердің бірқатар қызмет құнын нарықтағы бағадан артығымен көрсеткенін анықтады. Мәселен Павлодар облысында екі көпқабатты баспананы салуға 3,7 млрд теңге бөлінген. Алайда қайта есептеу кезінде жобаның негізгі құны 2 млрд теңге екені белгілі болды. Осылайша 1,7 млрд теңге үнемделді. Осыған ұқсас жағдай Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы және Көкшетау қалаларында тіркелді.
Айя Мүтәлі