Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қызу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қызу жүріп жатыр

24.07.2024

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына бір айдан астам уақыт қалды. Түркі әлемі көз тіккен дүбірлі додаға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады. Астанада өтетін жарыста спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі интеллектуалдық ойындар, жекпе-жек, дәстүрлі садақ ату, саятшылық өнері бар. Жарыстар елордадағы жеті спорттық нысанда өткізіледі. Қазір соған дайындық пысықталып жатыр.

Қыпшақбаев Мұратбек, V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын өткізу және дайындау дирекциясы басшысының орынбасары:

Бізді қуантатыны Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тең жартысы біздің ұлттық спортымыз.Одан бөлек шетелдік спорт түрлері бар. Қазір шетелден келген өтінімдердің ішінен дәстүрлі садақ ату бізге көп өтінім келіп түскен. Содан кейін жамбы ату, қазақ күресі мен тоғызқұмалақ спорттарына көп өтінім түсті.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу