Қырғызстанда тағы да алапат сел жүрді. Жергілікті төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, Жалал-Абад облысына қарасты Арыстан бап ауылында толассыз жаңбыр жауып, арты селге ұласқан. Салдарынан бір аурухана, сауда үйі, бес көпір зақымданып, 23 автокөлікті су шайып кеткен. Құтқарушылар апат зардабын жоюмен айналысып жатыр. Еске салайық, 2 апта бұрын Ош қаласында осындай табиғи апат болып, 4 қазақстандық қаза тапқан болатын.
Динара Жарқынбек