Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейтіледі

23.07.2024

Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейтіледі. Жұмысқа рұқсат алған шетелдік жұмысшылардың орыс тілін жетік меңгергені туралы сертификаты жарамсыз деп танылса, депортацияланады. Тиісті заң жобасы парламент қарауына жіберілді. Сондай-ақ еңбек мигранттары жұмыс істей алмайтын өңірлердің тізімі жасалды. Мәселен Липецк облысында, Якутияда мигранттар такси, тасымалдау қызметінде еңбек ете алмайды. Жалпы Мемлекеттік Думада мигранттарға талапты қатаңдатуға бағытталған 25 заң жобасы жатыр. Құжат шеңберінде заңсыз миграцияны ұйымдастырғандарға жазаны күшейту, шетелдік жұмысшыларға қызмет ұсынатын сайттарды жабу сияқты ұсыныстар қарастырылған. Осы күні Ресейде 10 миллионнан астам шетелдік жұмысшы бар.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу