Испанияның Пальма-де-Майорка қаласында сан мың адам шеруге шығып, туристерге наразылық білдірді. Мұндай акциялар Барселона, Малага және Канар аралдарында да өткен. Тұрғындардың жаппай көшеге шығуына саяхатшылардың көптігінен үй бағасының шарықтап кетуі себеп. Соның салдарынан жергілікті халық қалалардың орталығынан баспана ала алмай отыр. Дегенмен, туризм - Испания үшін негізгі табыс көзі. Биыл бірінші тоқсанда бұл корольдікке 16 миллионнан астам турист барған. Ал былтыр Испанияға саяхаттаған адамдар 109 миллиард еуро қаражат жұмсаған.
Арыстан Рысбек