Атырауда апатты үйдің тұрғындарына жаңа баспана берілді. Қаладағы Қожақаева және Достық көшелерінде осыдан 64 жыл бұрын салынған үйде күнелтіп келген 32 отбасы енді жаңа үйде қоныс тойын тойлайды. Пәтерлердің барлығы қалалық бюджет есебінен сатып алынған. Бұл жұмыстар алдағы уақытта кезең-кезеңімен жалғасын табады, дейді жауапты мамандар.
Лена Қабдрешова, қала тұрғыны:
30 жыл дегенде жаман Қожақаева көшесі 1-ден үйден осы үйге келіп жатырмыз. Рахмет сендерге, аман болыңдар, аман жүріңдер.
Нұрсұлтан Нұрсейіт