Майқайың шұңқыры: Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майқайың шұңқыры: Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

23.07.2024

«Майқайыңалтын» кен байыту комбинаты аумағында шұңқырға түсіп кеткен автобустың жатқан жері белгілі болды. Ол «АлтынАлмас» кәсіпорынынан арнайы алдырылған сканер арқылы анықталған. Болжамға қарағанда көлік ауыр техниканың жұмыс істеуіне лайықталып кеңейтілген аумақтан төменде жатыр. Тіпті, бұл шұңқырдың ең терең табаны болуы мүмкін.

Ардақ Ксентаев, Баянауыл ауданының әкімі:

«Майқайыңалтын» акционерлік қоғамның күшімен бүгінгі күні іздестіру барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша сканерлік жұмыстар жүргізілді. Жоспарланған автобустың орны белгіленді. Алдымыздағы уақытта осы нәтиже береді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 4 құтқарушы отырған автобус биыл қаңтарда шыңырауға құлаған еді. Келесі күні екі құтқарушының денесі сыртқа шығарылды. Кейін шұңқыр түбінде топырақ құрамы өзгеріп, ойық қабырғалары жарыла бастағандықтан іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылған. Ал мамырдың 13-нен бастап қайта жалғасты. Шілденің 19-ы күні құтқарушы Айдос Шаймерденнің денесі табылды. Қазір автобус жүргізушісі, 55 жастағы Айып Тілеубергенді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу