Ақтауда алимент төлемеген азамат 6 айға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда алимент төлемеген азамат 6 айға сотталды

23.07.2024

Ақтауда алимент төлемеген азамат 6 айға бас бостандығынан айрылды. Борышкердің берешегі 3 миллион теңгеден асып кеткен. Өзі жұмыс істемейді. Бірақ, жұмыссыздық кезегіне тіркелмеген. Қалалық прокуратураның мәліметі бойынша, бұл жыл басынан бері алимент үшін сотталған үшінші дерек. Оған дейін алимент төлеуден жалтарған тағы екі тұрғын 1 жылға бас бостандығынан айрылған. Қазір 10 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Нұрбек Сүлейменов, Ақтау қалалық прокуратурасының аға прокуроры:

Атқарушы өндірістерді зерделеу барысында алимент бойынша берешегі бар тұлғаларды, борышкердің 3 миллионнан астам берешегі бар екені анықталды. Сотқа дейінгі тергеп тексерудің нәтижесінде Маңғыстау облысы кәмелетке дейінгі аудан аралық сотымен аталған тұлғаға қатысты 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу