Мемлекеттік кірістер комитеті: Алаяқтар жаңа тәсіл тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кірістер комитеті: Алаяқтар жаңа тәсіл тапты

23.07.2024

Алаяқтар жаңа айла тапты. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бүгінде қазақстандықтарға жалған хабарлама келіп жатқанын ескертті. Айтуларынша, азаматтардың электронды пошталарына «банк шоттарындағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алуға қатысты бұзушылықтар бар» делінген хабарламалар ала бастаған. Құзырлылар бұл ақпарат жалған екені, оған сенбеуге шақырды. Кірістер Комитеті кез-келген ақпараттты тек «салық төлеушінің кабинетіне», «электронды үкімет порталының жеке кабинетіне» және «е-салық» мобильді қосымшаларына ғана жіберетінін еске салды.

Торғын Мелісқызы


Хабарламаларға жазылу