Мексиканың оңтүстік шекарасынан 3 мыңдай мигрант АҚШ-қа жол тартты. Олар - әлемнің ондаған мемлекетінің азаматтары. Мұны «Ассоушиэйтед пресс» агенттігі хабарлап отыр. Шетелдіктердің кейбірі Құрама Штаттарға қарашадағы сайлауға дейін жетуден үмітті. Себебі Дональд Трамп президент болса, шекара жабылып қалады деген болжам бар. Айта кетсек, жайлы өмір іздеп Латын Америкасынан АҚШ-қа жыл сайын мыңдаған мигрант аттанады.
Арыстан Рысбек