Астанада Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің бастамасымен қайырымдылық кеш өтті. Дәстүрлі шараның мақсаты – білім беру грантына үміткерлер арасында резервтік тізімде тұрған ауыл мектебінде оқитын, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан 7-сынып оқушыларына Зияткерлік мектепте оқуға қажетті қаражатты жинау. Былтыр дәл осы бастамамен Түркістандық оқушы тегін білім алуға мүмкіндік алған. Сондай-ақ, кеш барысында оқушыларға IELTS, SAT емтихандарына тегін дайындайтын құжаттарға да қол қойылды. Зияткерлік мектепті еліміз бойынша 20 мыңнан астам түлек бітірген, олар бүгінде түрлі салада қызмет етіп жүр.
Ақмаржан Ғафизқызы