Бангладеште қатаң режимдегі комменданттық сағат енгізілді. Оған сәйкес, тәртіпке бағынбағандарға «қатаң жаза қолданылады». Бірақ, осыған қарамастан, студенттер шеруі жалғасып жатыр. Олардың көтерілісін басу үшін қалаларға әскер кіргізілді. Сонымен қатар, интернет ажыратылып, байланыс үзілген.
Соңғы мәліметке қарағанда, осы аптада 110 адам қаза тауып, жүздегені жараланды. Талай ғимарат пен көлік өртелді.
Бұл тәртіпсіздіктердің басталуына биліктің мемлекеттік қызметке квотамен алу туралы заңды қабылдауы себеп болды. Айта кетсек, Бангладеште 170 миллион адам тұрады. Соның бестен бірі - жастар. Оларға не білім алуға, не жұмысқа тұруға мүмкіндік жоқ.
Арыстан Рысбек