Жаһандық ахуал біздегі әуежайлардағы жұмыстарға, мемлекеттік қызметке әсер еткен жоқ. Цифрлық даму министрлігі жағдай бақылауда екенін хабарлады. «Қазіргі уақытта елдің маңызды инфрақұрылымдары мен мемлекеттік IT-сервистерінің жұмысында ешқандай ақау тіркелмеген. Шағымдар түскен жоқ, барлық жүйелер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - делінген хабарламада.