Елімізде баланың денсаулық паспорты электронды нұсқаға ауысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде баланың денсаулық паспорты электронды нұсқаға ауысады

19.07.2024

Елімізде баланың денсаулық паспорты енді электронды форматқа ауыстырылады. Себебі, бұл құжатты қағаз түрінде болса - емханаларда ұзақ кезек күтуге тура келеді немесе деректер жоғалып кетуі мүмкін. Осылай деген Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұл жобаны алдағы тамыз айынан бастап қолданысқа енгізбек. Бұл ата-аналар үшін де тиімді. Электрондық паспорт болса - «eGov Mobile» мен «eDensaulyq» электрондық қызметтері арқылы баланың денсаулығы туралы ақпаратқа тез қол жеткізуге болады, дейді ведомоства өкілдері.

Дархан Рахымжан


Хабарламаларға жазылу