Астанада жаңбыр салдарынан бірнеше көше суға толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жаңбыр салдарынан бірнеше көше суға толды

18.07.2024

Астанада да кеше кешкісін жауын құйды. Осының салдарынан бірнеше көше суға толды. Мына кадрларды тұрғындар түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған. Жаяу жүргіншілер су кешіп жүруге мәжбүр болды. Көліктердің де қозғалысы қиындап, кептеліс пайда болды. Желі қолданушылары автобустар жолаушыларды көлкіген судың үстіне қалдырып жатқанын жазды. Қолайсыз ауа райынан такси бағасы екі есе өсіп кеткеніне де наразылықтарын білдірді. Бұл жағдай Елордада нөсерлі жауын жауған сайын қайталанып отыр. Құрылыс саласы бойынша философия докторы Еркебұлан Жаркенов бұл түйіткілді шешудің бірнеше жолдарын ұсынып отыр. Оның бірі саябақтар мен скверлерді көптеп салу.

Еркебұлан Жаркенов, Құрылыс саласы бойынша философия докторы:

Топырақ қабаты жаңбырдың көп бөлігін өзіне сіңіре алады. Топырақ болмаған жерде су қайда кетеді? Асфальт үстінде тұрып адамдарға қолайсыздық тудырады. Шетелде көрсеңіздер үлкен парктер болады, ойыс жерде орналасқан, жасанды өзендер болады. Олар негізгі ауыртпашылықты өздеріне қабылдайды.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу