Тұтынушылық несие беру көлемі шектеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұтынушылық несие беру көлемі шектеледі

18.07.2024

Елімізде тұтынушылық несие мен микрокредит беру көлемі шектеледі. Тиісті құжат «Ашық» порталында жарияланды. Оған сүйенсек қазақстандықтар енді екінші деңгейлі банктерден 8 млн 122 мың теңгеден артық кепілсіз несие ала алмайды. Ал микроқаржы ұйымдары үшін ол жылына 3 млн 700 мың теңгеден аспайды. Бұған дейін елімізде несиесін уақытылы төлей алмай жүрген 1,5 млн бар екені айтылды. Енді шілдеден бастап қарызды 90 күннен кешіктіргендерге тұтынушылық несие берілмейді. Ал қыркүйектен бастап кредит алу үшін жұбайының келісімі қажет.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу