Алакөлде «Таза бейсенбі» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алакөлде «Таза бейсенбі» акциясы өтті

18.07.2024

«Таза бейсенбі» акциясы айдынды Алакөлдің Жетісу облысына қарасты жағалауында өтті. Демалушылар өте көп жиналатын Ақши ауылында аудан тұрғындары жұмылып, көшелерді тазалау, қураған шөп жұлу жұмыстарына қатысты. 24 ауылдық округтен 100-ден аса адам барып, Жетісу өңірінің брендіне айналған Алакөлдің қоқыстан арылуына үлес қосты. Биыл шипалы суға демалуға 1 млн 600 мыңдай адам келеді деген болжам бар. 300-ден астам демалыс орны жұмыс істеп тұр.

Ержан Шәкеров, Көлбай ауылдық округінің әкімі:

Қонақтардың жүріп өткен жолдарын, қоқыстарын тазалау жұмыстарын жүргіздік. Біршама қоқыстар жинап шығарылуда. Сонымен қатар құр тазалап қана кетпей, көл бойына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрміз. Яғни әр адам ішкен-жегеннен қалған қоқысын арнайы қоқыс тастайтын орындарға тастауды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу