Алматыда бес мыңнан астам мопед жүргізушісі жауапкершілікке тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бес мыңнан астам мопед жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

18.07.2024

Алматыда 2 мыңнан астам мопед айып тұрағына қойылды. 5 мыңнан аса жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шаһарда заңсыз жүрген мопедшілерге қарсы ауқымды рейд жүріп жатыр. Ережені бұзып, жол бойында түрлі трюктер жасап, полиция қызметкерлерінің ескертеуін елемейтін мопедші көп. Жыл басынан бері самокаттар мен мопедтердің кесірінен 463 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 68 жағдайда екі дөңгелекті көлікті балалар тізгіндеген. Жалпы жол-көлік оқиғаларынан 7 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алған.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу