Ауғанстанның шығысында да алапат дауыл, жауын соңы тасқынға ұласып жатыр. Табиғи апаттан қаза тапқандар саны 47-ге жетті. Олардың көбі жүздеген үй қирағанда мерт болған. Жергілікті билік өкілдерінің болжамынша, құрбан саны артуы мүмкін. Әсіресе, Нангархар провинциясындағы ауылдарлда жағдай қиын. Мұнда 100-ден астам баспана сұрапыл желден әп-сәтте құлап қалған. Сонымен қатар, аймақта электр сымдары үзіліп, талай адам жарықсыз отыр. Бұған қоса, жүздеген гектар егістік алқабын су шайып кеткен.
Арыстан Рысбек