Алдағы уақытта елімізде дәрі-дәрмек арзандауы мүмкін. Өйткені медициналық препараттарды жеткізуші Бірыңғай дистрибьютор енді өндірушілермен тікелей жұмыс істемек. Яғни екі ортада өз бағасын қосатын делдалдар жойылса, баға түседі, - дейді мамандар. Ал бұған дейін Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігі мен оның бағынысты ұйымдарының қызметіне аудит жүргізіп, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын, сатып алуларын, логистикасын реттейтін заңнамада біраз жүйелік кемшіліктерді анықтаған еді. Тіпті еліміздегі дәрілер зауыт бағасынан 172%-ға қымбат сатылғаны айтылған болатын.
Досжан Маратұлы