Биыл жемқорлардан 195 млрд теңге өтелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Мәліметтерге сай биыл 876 жемқорлық іс тіркелген. 600-дей адам ұсталды. 330-ға жуығы сотталды. Жемқорлардан мемлекетке 195 миллиард теңге өтелді. Бұл ақша жайлы мектеп бағдарламасын іске асыруға жұмсалмақ. Ал соңғы 2,5 жыл ішінде Қазақстанға сомасы 1 триллион теңгеден асатын заңсыз актив қайтарылды.
Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
Қазіргі жағдайда қаражат көбіне басқа юрисдикцияларға шығарылады. Сондықтан ұрланғанды анықтау және қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастық маңызды. Бүгінгі таңда агенттік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствалармен 13 меморандум жасасты. Оның төртеуіне ағымдағы жылы қол қойылды.
Досжан Маратұлы