Ресейде утиль алымды көбейту туралы шешім 1 қазанда күшіне енуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде утиль алымды көбейту туралы шешім 1 қазанда күшіне енуі мүмкін

17.07.2024

Ал Ресейде автотехникаға утиль алымды бірден 70-85% көбейту жоспарланып отыр. Шешім биыл қазанның 1-де өз күшіне енуі мүмкін. Мұны «Интерфакс» агенттігі Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Жаңа шешімге сәйкес 2030 жылға дейін мұндай алым төрт есеге жуық өспек. Айта кету керек қазіргі ереже бойынша импортер немесе өндіруші бір автомобиль үшін 300 мыңдай төлеп жүр. Соңғы заңға сәйкес бұл көрсеткіш 556 мың рубльден асып кетуі мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу