«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

17.07.2024
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді: Корпорацияның Олимпиадаға дайындық жұмыстары

26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығын отандық 5 телеарна иеленді. Көрермендер Жазғы ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар», «Ел арна», «Jibek Joly» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы қазіргі уақытта техникалық дайындық жұмыстарын жүргізуде. Жазғы ойындардың трансляциялар сигналы Eutelsat 7B, Hotbird 13e спутниктік желілері арқылы қабылданады. Корпорацияның тестілік режимдегі сигнал қабылдау жұмыстары сәтті өтті.

Олимпиада кезінде Парижде Корпорацияның арнайы түсірілім тобы жұмыс істейді. Түсірілім тобында белгілі спорт журналистері Телжан Күдеров пен Виктор Кирилюк бар. Сонымен бірге «Qazaqsan», «Qazsport» арналарынан күн сайын «Олимпиада күнделігі», «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде «Париж 2024» студиялық бағдарламасы эфирге шығады.

«Qazaqstan» (https://qazaqstan.tv/live) және «Qazsport» (https://qazsporttv.kz/kz/live) телеарналарының эфирінде 19 комментатор жұмыс істейді. Олар: Есей Жеңісұлы, Руслан Бақытжан, Шалқар Естен, Ғалым Сүлейменов, Ерсін Ерікұлы, Азат Смағұлов, Лилиана Әлжанова, Исатай Мәдиев, Олжас Байбосынов, Уәлихан Қосанбай, Жандос Қонысбаев, Сергей Райлян, Әділет Құсайынов, Тимур Сүлейменов, Александр Олейник, Дмитрий Нестеренко, Эльдар Аманбаев, Арман Абдрахманов, Ербол Қайыров.

🔴Ойындардың ашылу салтанаты арна эфирлерінен 26 шілде күні сағат 22:25-те тікелей эфирде көрсетіледі.

Олимпиада ойындарының 5 телеарнадағы сайыстар кестесін алдағы уақытта ұсынамыз.

Хабарламаларға жазылу