Ресейде жаз басталғалы 1314 адам суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде жаз басталғалы 1314 адам суға кетті

16.07.2024

Ресейде жаз басталғалы 1314 адам суға кетті. Оның 215-і бала. 400-ге жуық адамды құтқарып үлгерген. Мамандар тұрғындар қауіпсіздік талаптарын сақтамай, рұқсат етілмеген жерде суға түскендердің саны артқанын айтады. Сондықтан да кейбір өңірлерде жазаны күшейту мәселесі қарастырылуда. Өйткені қазір рұқсат етілмеген жерде суға түскендер ескерту алады немесе 500 рубль, яғни 2600 теңге айыппұл арқалайды.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу