Қырғызстанның Ош облысында селден қаза тапқан тағы бір адамның денесі іздестіріліп жатыр. Оған 143 құтқарушы тартылды. 10 топқа бөлінген арнайы жасақ, алдымен Борбордык базарының аумағын сүзіп шықпақ. Өйткені, қайғылы оқиға осы базар аумағында болған. Кейін Ак буура өзенінің арнасымен жүріп отырып, Өзбекстанға дейінгі аумақты тексереді. Қырғыз Төтенше Жағдайлар министрлігі апта бойы таулы аймақтарда сел қаупі сақталады деп отыр. Өйткені, алда қатты жаңбыр жауатыны болжанған.
Нұрлан Бақтығалиев, Ош облысының тұрғыны:
Селден қаза тапқан әйелдің бөлесімін. Ол осы базар аумағында 2 жылдан бері сауда жасаған. Табиғи апат күні де ол жұмыста болған. Қаша алмай қалған болуы керек. Әлі таба алмай жатырмыз...
Жандос Темірғали