Ұлттық Банк төрағасы: Жылдық инфляция бәсеңдеді
Жылдық инфляция бәсеңдеді. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Ұлттық Банк төрағасы айтты. Тимур Сүлейменов жартыжылдықта жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берді. Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың дамуы, инфляцияның қарқыны және оны тұрақтандыру шаралары жөнінде де баяндады. Ұлттық төлем жүйесі мен ашық банкинг принциптерін дамыту және қазақстандықтардың қаржысын алаяқтардан қорғау үшін антифрод-орталық құру жобалары туралы да айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банктің қызметіне, соның ішінде инфляцияны одан әрі тұрақтандыру және цифрлық қаржылық инфрақұрылым жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада түз тағысы босатылды
18.09.2025, 14:30

ЖИ-ді білім саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді
18.09.2025, 14:27
Су деңгейін бақылайтын цифрлық жүйе құрылады
18.09.2025, 14:24
Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды
18.09.2025, 14:21
Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы нақты шешімдер алаңына айналды
18.09.2025, 14:18
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
18.09.2025, 14:15
Украинаны қаруландыруға тағы $3,5 миллиард бөлінеді
18.09.2025, 14:12
Газадағы соғыс құрбаны 65 мыңнан асты
18.09.2025, 14:09