Ертең Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Ғазиза Жұбанованың «Еңлік-Кебек» операсының премьерасы өтеді.
«Еңлік-Кебек» операсы монументалды, тарихи жәдігер. Мұхтар Әуезовтың осы аттас драмасы негізінде жазылған либреттоның авторы – ақын және аудармашы Сағи Жиенбаев.
Ғазиза Ахметқызы Жұбанова – Қазақстан және КСРО халық артисі ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор.