Дональд Трамп президенттікке кандидат болып ұсынылды
Дональд Трамп өзіне қастандық жасалғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты. Ол Висконсин штатының Милукоки қаласында ашылған Республикалық партия съезіне барды. Жиында Трамп президенттікке ресми түрде кандидат ретінде ұсынылды. Бұның алдында Трамп вице-президенттікке сенатор Джеймс Вэнсті таңдағанын жариялады. Айта кетсек, төрт жыл сайын АҚШ-та екі партия осындай съезд өткізіп, ең жоғары мемлекеттік постқа кандидаттарын анықтап, әрі қарай шешуші сайлау алды науқанға әзірленеді. Естеріңізге сала кетсек, Трампқа жақында Пенсильваниядағы митинг кезінде оқ атылды. Сол шабуылда оның бір құлағы жараланды.
Дэвид Бельман, республикалық партия съезінің қонағы:
Трампқа қастандық бәріміздің бірлігімізді нығайтты. Партияның ауызбірлігін күшейді. Біз осы үміткерді сайлаймыз деген ұйғарымға келдік. Трамптың айналасына топтасамыз енді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемде жасыл энергия үлесі артты
22.10.2025, 13:20

Астанада Ш.Қалдаяқов әндері негізінде түсірілген фильм көрсетілді
22.10.2025, 13:20
Қаракөл тұқымын әлемге танытқан Б.Мейіровті созақтықтар ұмытпайды
22.10.2025, 13:18
Павлодарда қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдануда
22.10.2025, 13:15
Өскеменді басқан зиянды түтін сейілмей тұр
22.10.2025, 13:13
ЕуроОдақ Орталық Азия елдерімен байланысты нығайтуда Қазақстанға сенім артады
22.10.2025, 13:11
Алтын арзандады
22.10.2025, 13:09
Лувр музейінен ұрланған бұйымдардың құны €88 млн
22.10.2025, 13:06