Батыс Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккен отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккен отбасы баспаналы болды

15.07.2024

Батыс Қазақстан облысында да су тасқынынан зардап шеккендер баспаналы болды. Үйді Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында сатып алып берді.

Бәйтерек ауданы Перемётное ауылында тұратын Сатиевтер отбасының үйін көктемде су басты. Жастар ол үйді «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен алған. Төрт айдан бері аудан орталығында пәтер жалдап тұрып келді. Енді міне үш бөлмелі кең де, жарық баспанаға қол жеткізді. Артур Сатиев аудандық ветиринарлық станциясында, ал жұбайы ауруханада медбике болып еңбек етеді. Үш баласы бар. Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жүректен жүрекке» акциясы аясында апат аймақтарына жалпы сомасы 770 миллион теңгеге 1500 тоннадан астам азық-түлік пен керек-жарақ жеткізді.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу