Түркия инвесторлары Қазақстанға ірі көлемде қаржы құюға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия инвесторлары Қазақстанға ірі көлемде қаржы құюға дайын

15.07.2024

Түркиялық инвесторлар Қазақстан экономикасына ірі көлемде қаржы құюға дайын. Стамбұл қаласында Сыртқы істер министрлігімен кездескен 35 ірі түрік компаниясының басшылары осылай деді. Түркия соңғы жиырма түрлі сала бойынша елімізге 5,1 млрд доллар қаржы салған. Инвестиция көлемі әсіресе кейінгі 5-6 жылда артқан. Бүгінде елімізде Түркиямен бірлескен бес мыңнан аса компания жұмыс істейді. Инвесторлар мемлекеттік қызметтерді алу және құжаттарды дайындау кезінде жеңілдіктер көп екенін айтады.

Айкут Кучук, «LC Waikiki» компаниясының өкілі:

Қазақстанда 15 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. 50-ден аса дүкенімізде екі мың адамға жұмыс беріп отырмыз. Қазір Алматы маңында үлкен логистикалық орталық салып жатырмыз. Алдағы уақытта басқа да салаларға инвестиция құюды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі жиында сол мәселелерді жан-жақты талқылап, тиімді шешімдер қабылдадық. 

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу