Ел қоржынында 25 спорт түрінен 92 лицензия бар. 80 спортшымыз Париж төрінде бақ сынайды. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына «бадминтон»мен «брейкингтен»тұңғыш рет қатысқалы отыр. Әлемдік деңгейдегі брейк-данс шебері Амир Закиров биыл енгізілген осы спорт түрінен ел намысын қорғайды. Парижге ең көп жолдаманы былғары қолғап шеберлері жеңіп алды. Бокстан ерлер құрамасы толық құраммен өнер көрсетсе, әйелдер құрамасынан алғаш рет үш боксшы қатысқалы отыр. Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев қана екінші Олимпиадасына барады. Қалған барлық боксшы үшін алғашқы олимп бәсекесі болмақ.
Дархан Рақымжан