Өзбекстанда сел жүріп, екі көпірді қиратып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда сел жүріп, екі көпірді қиратып кетті

15.07.2024

Өзбекстанның Әндіжан облысында сел жүріп, екі бірдей көпірді су шайып кетті. Оқыс оқиға Қырғыз елінің Ош облысымен шектесетін аумақта болған. Алапат су тасқынынан Ходжаабад ауданында көлік өтетін үлкен көпір опырылып түсті. Йорқишлоқ ауылында жаяу жүргіншілер өткелі де, қирап қалған. Өкінішке орай, тасқын болған аумақтан 10 жасар шамасындағы қыз баланың мәйіті табылды.

Қазір тиісті зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Аймақ әкімдігінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жұмыс тобы жеткен. Қалпына келтіру шаралары басталып кетті. Айта кетейік, Узгидромет осының алдында ғана шілденің 13-і мен 16 –сы аралығында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болып, сел жүруі мүмкін екенін ескерткен еді.

Хаётбек Рахимов, Әндіжан облысы төтенше жағдайлар басқармасы ақпарат қызметінің басшысы:

Ақбора сайда алапат селдің беті қайтты. Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мен облыс, аудан деңгейіндегі тиісті азаматтардан құралған жұмыс тобы жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тұрғындарды алаңдамауға шақырамыз.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу