Үкімет басшысы контрафактілік өнімдермен күрес жұмыстарын күшейтуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы контрафактілік өнімдермен күрес жұмыстарын күшейтуді тапсырды

13.07.2024

Контрафактілік тауарларды анықтау шараларын күшейту керек. Сауданы цифрландыру арқылы көлеңкелі экономиканы азайту мәселелері қаралған жиында, Премьер-министр осылай деді. Отырыста Сауда және интеграция, Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды. Сонымен қатар таңбалауды тауарлардың басқа топтарына енгізу жоспарлары талқыланды. Мәселен Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, темекі өнімдерін міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін, акциз түсімдері 25% өскен. Кеңес соңында, Олжас Бектенов, тиісті ведомстволарға міндетті таңбалауды енгізу және бағалардың жедел мониторингін қамтамасыз ету мақсатында тауарлардың бірыңғай каталогын заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселелерін қадап тапсырды.

Хабарламаларға жазылу