Қазақстан соттарында 300-ден астам судья жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан соттарында 300-ден астам судья жетіспейді

12.07.2024

Еліміздегі соттарда маман тапшы. Қазір заң негізінде төрелік ететін 300-ден астам судья жетіспейді. Шымкент қалалық сотының ұжымымен кездескен Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров осы саладағы түйткілдер мен өзгерістерге тоқталды. Бүгінгі таңда ашық әрі тиімді сот жүйесін жасақтауда судьялар құрамының сапасын жақсарту, кадр даярлау жүйесін жетілдіру, әкімшілік қысымды болдырмау, судьяларды сайлау жолымен таңдау секілді жаңа басталамалар жүзеге асуда. Сондай-ақ тағы бір өзгеріс 15 шілдеден бастап сот төрелігі академиясы Жоғары сот қарамағына берілмек. Мұнан бөлек елімізде Президент тапсырмасына сай кассациялық дербес сот құрылуда. Бұл сот төрелігіне жүгінгендердің дауын жылдам әрі әділ шешуге мүмкіндік береді.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Соңғы заңмен Астана қаласында 3 дербес кассациялық сот құралады. Заңның нормасына сәйкес дербес аймақаралық деген атпен құрылады. Ол жайдан-жай берілген тапсырма емес. Қоғам, азаматтық қоғам, Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан деп жатырмыз. Содан туындаған мәселелер. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу