Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізбек

12.07.2024

Бұл туралы екі елдің премьер-министрі Олжас Бектенов пен Абдулла Арипов қатысқан Үкіметаралық комиссияның 21-ші отырысында айтылды. Тараптар алдағы уақытта машина жасау және көлік салаларында ықпалдастықты арттырмақ. Қазір 217 миллион долларға 12 бірлескен жоба іске асып жатыр. Әрі екі мемлекетке Орталық Азиядағы барлық сауданың 57%-ы тиесілі. Былтыр өзара тауар айналымы 4,5 млрд долларға жетті. Енді оны екі есе арттыру қажет.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Бұған біз сөз жоқ бар күшімізді салуымыз керек. Бұл тұрғыда агроөнеркәсіп кешені мен тамақ индустриясы саласындағы өзара сауда көлемін ұлғайту, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияның жоғары серпінін ынталандыру жоспарлары біздің мақсаттарға сай келеді. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу