Еліміздің төрт өңірінде діни радикалдар ұсталды
Еліміздің төрт өңірінде діни радикалдар ұсталды. Астана, Шымкент қалалары мен Атырау, Жамбыл облыстарында арнайы іс-шара өтті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. 4 қазақстандық пен 1 шетелдік азамат терроризмді насихаттады, діни экстремизмге адамдарды тартты деген күдікке ілінген. Олардың тұратын жерінен теріс ағымдағы әдебиеттер мен өзге де заттар табылды. Бұдан бөлек, күдіктілердің бірі осыған дейін шет мемлекеттің аумағында соғысқа қатысқаны үшін Қазақстанда сотталғаны анықталды. Тағы екеуі есірткінің ауыр түрін қолданады деген ақпарат тексеріліп жатыр.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада түз тағысы босатылды
18.09.2025, 14:30

ЖИ-ді білім саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді
18.09.2025, 14:27
Су деңгейін бақылайтын цифрлық жүйе құрылады
18.09.2025, 14:24
Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды
18.09.2025, 14:21
Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы нақты шешімдер алаңына айналды
18.09.2025, 14:18
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
18.09.2025, 14:15
Украинаны қаруландыруға тағы $3,5 миллиард бөлінеді
18.09.2025, 14:12
Газадағы соғыс құрбаны 65 мыңнан асты
18.09.2025, 14:09