Жазушы Жұмабай Шаштайұлы 1950 жылы 10 қазанда Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты.
Жұмабай Шаштайұлының болмысы, жан дүниесі қазақтың даласымен біте қайнасқан. Оның шығармасынан шынайы өмірді, қарапайымдылықты көреміз. Сондықтан болар, оқырманға жақын. Өйткені, ол сол жанкешті еңбекті басынан өткерді. Бірнеше жыл оқуға түсе алмай, әкесімен бірге қой бақты.
«Көзімді малмен аштым. Алайда, сол қойдан құтылудың жолын іздедім», - дейді жазушы.
Толығырақ «Айтуға оңай...» бағдарламасында.