Польшада апат болған шахтадан 77 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польшада апат болған шахтадан 77 адам құтқарылды

12.07.2024

Польшада жер сілкінісінен кейін көмір шахтасында екі адам жоғалып кетті. Соңғы мәліметке қарағанда, 77 жұмысшы құтқарылған. Олардың 17-сі ауруханаға жеткізіліп, біреуі қайтыс болған. Апат елдің оңтүстігіндегі «Рыдултовы» кенішінде 1200 метр тереңдікте болды. Қазір жоғалып кеткендер іздестіріліп жатыр. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, бұл операцияға 20 арнайы бригада тартылған. Айта кетсек, әдетте жер дүмпуінен шахталардың туннельдері мен дәліздеріне тау жыныстары төгіліп, кеншілердің өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу