Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері су тасқыны кезінде баспанасыз қалған отбасыға үй алып берді. Шаттық Дауылбай өзінің кәмелеттік жасқа толмаған бауырларымен туыстарында тұрып келген. Көктемгі су тасқыны кезінде Құлсарыдағы баспана су астында қалып, тұруға жарамсыз болып қалған еді. Содан бері Атырау қаласында пәтер жалдап келген оларға «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы аясында баспана берілді. Ассамблея өкілдері игі-шараны алдағы уақытта да жалғастырмақ.
Ақтілек Дауылбай, Құлсары қаласының тұрғыны:
Су тасқынынан кейін пәтер жалдап тұрып жатқанбыз. Құлсары қаласының әкімдігі осындай жаңалық айтқанда біз қатты қуандық.
Мұхтар Күлжан, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі:
Ертең Батыс Қазақстан облысына барамыз. ҚХА көмегі жалғасуда. Енді қыздарға үйлері берекелі болсын. Қазақстанның елеулі азаматы болсын.
Нұрсұлтан Нұрсейіт