ТЖМ: Шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТЖМ: Шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға батып кетті

11.07.2024

Елімізде шомылу маусымы басталғалы адамдардың суға кету фактісі жиілеген. Бұл туралы Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті мәлімдеді. Мәселен, биылдың өзінде 70 адам суға батып кеткен. Оның 30-ы бала. Ал былтыр 83 адам суға батып, қайтыс болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің айтуынша, суға кеткен балалардың дені қараусыз қалған немесе рұқсат етілмеген жерде шомылған.

Серік Жұмабек


Хабарламаларға жазылу