Үндістанда 130 ауылды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда 130 ауылды су басты

11.07.2024

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында 130 ауылды су басты. Мұны осы аймақтың бас министрі Йоги Адитиянат хабарлады. Ал елдің метеорологиялық департаментінің ескертуінше, алдағы екі-үш күнде Үндістанның теріскейі мен солтүстік-шығысында жауын тағы да құйып, жағдай тіпті нашарлауы мүмкін. Қазірдің өзінде Ассам штатындағы 9 өзеннің деңгейі қауіпті дәрежеге дейін көтерілген. Осыған ұқсас жағдай шығыстағы Бихар штатында да қалыптасып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу