СҚО-да көктемгі тасқыннан кейін екі мыңға жуық үй жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да көктемгі тасқыннан кейін екі мыңға жуық үй жөнделеді

10.07.2024

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі тасқыннан кейін екі мыңға жуық үй жөнделеді. Бұл жұмыспен Сенат және Мәжіліс депутаттары танысты. Олар облыс орталығындағы қалпына келтіріліп жатқан үйлерді аралап, зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Қазір қаланың су басқан аудандарында 600 адам жұмыс істеп жатыр. Мехникалық бригадалар апатты деп танылған баспаналарды бұзып, жарамдыларын қайта жөндейді. Ол үшін әр үйдің шығын көлемі жеке есептеліп, өтемақы төленді. Құрылыс материалдарын халықтың өзі таңдап, өзі қадағалайды. Депутаттар оларға төтенше жағдайдан кейін де келіп, Үкіметке тиісті сауал жолдаған болатын.



Хабарламаларға жазылу