Еліміздегі қалалардың тұрақты даму жолдары мен тәуекелдері топшыланды. Сенаттың Қоғамдық жобалық кеңсесі құрған сарапшылар тобы екі ай бойы зерттеп-зерделеген жұмыс нәтижесін ұсынды. Қай заңнамаларды жетілдіру керегі талқыланды. Әлеуетті салалар айқындалып, орнықты дамуға қолбайлау болған кедергілерді анықтау жолдары пысықталды. Онда еліміздегі денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы мәселелермен қоса, экономикалық өсу және қалалардағы өзгерістер есепке алынған.
Қарагөз Тұрмағанбет