Елімізде жанармай да қымбаттауы мүмкін. Өйткені бензин өндірушілер тауар бағасын көтерген. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше қазір мұнай өңдейтін кәсіпорындар бензин тоннасын 165 мың теңгеге сатады. Баға өткен жылмен салыстырғанда 6 процентке көтерілген. Сарапшылар бұл жанармай құю бекеттерінде де бағаның өсуіне әкеп соғуы мүмкін дейді. Қазір жұрт көп тұтынатын АИ 92 -205, ал АИ-95 – 265 мың теңгеден сатылып жатыр.
Досжан Маратұлы