Дәрі-дәрмек 12% қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрі-дәрмек 12% қымбаттады

10.07.2024

Елімізде дәрі-дәрмек қымбаттап жатыр. Energyprom сарапшыларының мәліметінше баға бір жылда 12 процентке көтерілген. Қымбатшылық әсіресе Астана, Шымкент қалалары мен Павлодар, Қарағанды және Абай облыстарында байқалады. Препараттар бағасының көтерілуіне импорттық дәрі-дәрмектердің қымбаттауы себеп. Жыл басынан бері еліміз шетелдерден 600 миллион доллардың дәрісін сатып алған. Ал өзімізде 70 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға көп.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу